#qyzylordatv
Өткенге көз жүгіртсек, қазақ қоғамында хан-сұлтандармен қатар байлар да маңызды рөл атқарған. Олар жоқ-жітікке қарасып, үнемі бұқараға болысып отырған. Солардың бірі – Шығанбай Салбырұлы. Қарақұм өңірінде мыңғырған мал ұстап, елге сүйеу болған ол 1920-шы жылдары күштеп ұжымдастырудың зардабын тартты. Ақтаңдақ жылдарға үңілсек, мұндай дерек мыңдап кездеседі.
Ен байлықты ізгілікпен ұштастырған тұлғаның бірі – Шығанбай Салбырұлы. Ол жиырмасыншы ғасырда Қарақұм өңірінде үйір-үйір жылқы ұстап, ел ырысын еселеген екен. Алайда, сол тұстағы саяси жүйе бай-бағландырдың барлығын сүргінге салды. Шығанбайдың да мыңғырған малы тәркіленіп, жиған дәулет бір күнде жоқ болады. Осынау қилы кезең «Шөмекейдің аспаны – бай Шығанбай» дастанында суреттеледі.
МАРАТ СҮГІРБАЙ – ЖЫРШЫ /// «Бай Шығанбай» дастанының негізгі өзегі 1920 жылы бүкіл қазақ даласын шарпып өткен ұжымдастыру, яғни, мал-мүлкін тәркілеу, оның аяғы үлкен ашыршылыққа ұласу сияқты үлкен күрделі қайғылы сондай бір кезеңдерді қамтып жатқан оқиғалар желісі дастанда кеңінен баяндалады. / демек біз тәуелсіздігіміздің бүгінгі құнын білуіміз үшін бағалауымыз үшін біз осындай тарихи дастандарды оқып, барлап көзімізді жеткізіп отыруымыз бүгінгі ұрпақ үшін маңызды.
Шығанбайдан қалған жалғыз тұяқ Райхан әке мен анадан ажырап, тағдыр тауқыметін тартты. Қаршадайынан қара жұмысқа жегілді. Еңбек майданына ерте араласып, соғыс кезінде теміржолда тер төкті.
МАРАТ ШЫҒАНБАЕВ – ӘСКЕРИ САЛА АРДАГЕРІ /// әкемнің 110 жылдығына, оның үстіне атамның тарихын зерттеп, кітап шығардым. / Қазір құдайға шүкір егемендік алғаннан кейін соны жаңғыртып жатыр. Енді еліміз қай уақытта да мамыражай болсын! Ол болған уақиғалар енді қайталанбасын.
Тарихқа үңілсек, Шығанбайдың мол мұрасы – тек төрт түлікпен өлшенбейді. Қарақұмда қаздырған құдығы беріге дейін ел игілігіне қызмет етті. Қазір сол жер тарихи маңызға нысанның біріне айналды.