#qyzylordatv

Құрбан айт мерекесі қарсаңында Сыр ардагерлері Түркістанға тағылымды сапар жасап қайтты. Тарихи тұлғалардың мәңгілік мекеніне тәу етіп, жаңғыру жолына түскен киелі шаһардың тынысымен танысты.

 Ер түріктің бесігі атанған Түркістан – дала өркениетінің түп қазығы. Осы киелі мекенге Сыр бойының елуге жуық ардагері аттанып, рухани демалып қайтты. Арыстан баб, Қожа Ахмет Яссауи кесенелеріне зиярат етті. Қасиетті орында құрбандық шалынып, елдің амандығы мен ұрпақтың болашағы үшін дұға жасалды.

 ӘБДІҒАППАР ӘМІРҒАЛИЕВ – СЫРДАРИЯ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ Қасиетті орында құрбандық шалдық. Қарттарға жасап жатқан құрметтің белгісі деп есептейміз. Жыл сайын қарттар, ардагерлер осындай ұйымдастырудың арқасында еліміздің түкпір-түкпіріне, қасиетті жерлерге келіп жатыр. Ұрпаққа өнеге болатын шаралардың бірі деп есептеймін.

 Ардагерлер Түркістанның жаңаша бейнесін де тамашалады. «Күлтөбе қалашығы», «Ұлы дала елі» орталығы мен «Алтын Самұрық» мультимедиялық кешені сынды бірнеше мәдени орындарды аралады. Ескі мен жаңаның тоғысуындай бой көтерген заманауи нысандар ерекше әсер қалдырды.

 СЕРІК ДҮЙСЕНБАЕВ – ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

/ Жаңарған Түркістанды аралап, жақсы ақпараттарға қанық болдық. Қала әкімінің қабылдауында болып, қалада атқарылып жатқан жұмыстармен таныстық. Жаңарған Түркістанның киелі жерлері мавзолейі, Қожа Ахмет Яссауидің, жаңадан ашылған «Жастар саябағы»... Өте көп игі жұмыстар жасалып жатыр екен. Біздің ардагерлеріміз дән риза.

 Мазмұнды сапардан қазыналы қариялар рухани кемелденіп қайтты.