#qyzylordatv
Облыс бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Ерлеген Мендалиевтің төрағалығымен ведомстоваралық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.
Жиында қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Бейбіт Бидаш көрсетілген мемлекеттік қызметтер жайлы баяндады.
Одан соң Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Жандос Базартай білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы есеп берді. Атап айтқанда, өткен жылы университет тарапынан білім алушыларға 5483 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның басым бөлігі жоғары оқу орнына құжат қабылдауға байланысты. Жандос Базартай өз сөзінде оқуға қабылдау кезінде жасанды интеллект көмегін пайдалануды ұсынды. Жиын соңында қатысушылар пікіралмасты.