#qyzylordatv

«Exit: мектеп, Enter: болашақ». Осындай тақырыппен Назарбаев зияткерлік мектебінің түлектеріне аттестат табыстау рәсімі өтті.

 Биыл Сыр бойындағы NIS-тен 151 оқушы түлеп ұшты. Олардың төртеуі «Алтын белгі» иегері атанса, тағы 12 түлек үздік аттестатқа ие болды.

 ҚАЛМАН БЕЙІМБЕТОВ — НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

Сыртқы жиынтық бағалау емтихандары халықаралық A Level стандарттарына сәйкес келеді. Сондықтан біздің оқушыларымыз бұл емтиханды тапсыруда үлкен дайындықпен келді. Оқушыларымыз математика пәнінен сыртқы жиынтық бағалауларында 151 оқушының әрбір үшеуі A жұлдызша деген бағаларды иеленіп, жақсы нәтиже көрсете алды. Емтиханның өзі 3 емтиханнан тұрады, 5-5 жарым сағат тапсырды. Бір емтиханның өзінен 80 -90 есепке дейін шығарып өздерінің білімдерін көрсете алды.

 Артта ізденіске толы оқу жылдары, жобалар мен сындарлы сынақтар қалды. Бұл күн – аттестат алу салтанаты ғана емес, үлкен өмірге бастар жаңа белес. Түлектер ұстаздарына шексіз алғыстарын білдіріп, алдағы жоспарларымен бөлісті.

 СЫМБАТ ЖӘНІБЕК —ЖАС ТҮЛЕК // Назарбаев зияткерлік мектебі тек озық білім беріп ғана қоймай, сонымен қатар тұлғалық қалыптасуыма көмектескен орта. Мен қазір 6 жыл оқып, тәмәмдап, Назарбаев университетіне грантқа шақырту алдым. Қазір медицина саласында оқуға дайындалып жүрмін. Болашақта осы салада жетістікке жетемін деп үміттенемін.

Бүгін аттестат алған түлектің бірі — Сырсұңқар Базарбайұлы. Бірт ерекшелігі, біліммен қатар өнерді қатар алып жүр.

 ГҮЛНАЗ ЖАҚАПБАЕВА — ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ // Білімде, өнерде жетістіктері бар. Өнерде халықаралық Турцияға, Италияға дейін барып, бас жүлделер алып жүрді. Білімнің де деңгейінде жоғары дәреже көрсетіп, 130 балл жинады. Болашаққа қойып отырған жоспары өте жоғары баламның. Алда тұрған үлкен мақсаттарына қадамдары ақ болып, барлық бітірушілерге сәттілік тілеймін!

 Зияткерлік мектептен түлеп ұшқан түлектердің 10-15 пайызы шетелге оқуға түссе, қалғандары қазақстандық ЖОО-ны таңдап отыр. Алда оларды студенттік өмір, асқақ арман мен биік мақсаттар күтіп тұр.