#qyzylordatv

Соңғы жылдары серпін алған саланың бірі – медицина саласы. Әсіресе, аудандағы емдеу нысандарына ерекше ден қойылып отыр. Мәселен, Жаңақорған аудандық көпбейінді орталық аурухана ғимаратына қосымша бөлімше салынып жатыр. Жаңа бөлімшеде МРТ және ангиографиялық кабинеттер ашылады. Осылайша, аудан халқы үшін медициналық қызмет қолжетімді бола түспек.

 Қолы шипа, сөзі дәру ақ халаттылар армиясы қашанда құрметті. Қазір ауданда 168 дәрігер мен 865 орта буынды медицина қызметкері халыққа қалтқысыз қызмет атқарып жатыр. Олар кез келген сәтте кәсібилігін көрсетіп, табандылық танытып келеді.

БЕКТАС НҰРИДИНОВ – АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ / Ана мен баланың денсаулығын сақтау – біздің басым бағыттарымыздың бірі. Биылғы жылдың алғашқы бес айының қорытындысы бойынша 650 сәби дүниеге келді, табиғи өсім деңгейі тұрақты. Ең қуаныштысы – осы уақыт аралығында ана өлімі тіркелген жоқ. Бұл – медицина қызметкерлерінің кәсіби шеберлігінің, жүйелі жұмысының және жанашыр еңбегінің нақты көрінісі.

 Абыройлы атақ та, мәртебелі мансап та дәрiгер үшiн маңызды емес. Бастысы – адамның денсаулығы мен тағдыры. Дендеген дерттің дауасын тауып, демеу болса, мамандар үшін бұдан асқан бақыт жоқ. Десе де, тынымсыз төгілген тер текке кетпей, еткен еңбек еленуі қажет. Мерейлі мезетте жыл бедерінде жемісті жұмыс атқарған мамандар салалық министрліктің, облыс әкімінің алғыс хатын иеленді.

 ТҰРҒАШ ДАНЕЕВА – АУДАНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС МЕЙІРГЕРІ /// жұмыс ауқымы өте үлкен. Менің қарамағымда 835 орта буын медицина қызметкері бар. Күн-түн бойы қызмет жасаймыз. Бұл мед.саласында 80 пайыз жұмысты орта буын мед.қызметкері атқарамыз.

  НҰРГҮЛ НАУРЫЗОВА – АУДАНДЫҚ ЕМХАНА ДӘРІГЕРІ /// біздің аудандық емханасында 50 аймаққа бөлінген. Оның әрқайсысы 17 аймаққа бөлінген.

Соңғы жылдары салаға жан-жақты қолдау көрсетіліп жатыр. Былтыр ауданда ерекше күтімді қажет ететін балалар үшін «Қамқорлық» оңалту орталығы ашылса, Төменарық ауылында жаңа амбулатория мен 15 төсектік аурухана ел игілігіне берілді. Қазіргі таңда көпбейінді орталық аурухана жанынан қосымша ғимарат салынуда.

ОЛЖАС ИСКАКОВ – ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ / Қосымша құрылыстың көлемі құны 1 млрд асады. Құрылыс қарқынды жүруде. Жылдың соңында құрылыс біткеннен кейін МРТ және ангиограф аппараты қойылатын болады. Яғни, осы жердегі 80 мыңға жуық халықтың мед. қызметті осы ауданда алуға мүмкіншілік тудырамыз деген ойдамыз.

ІЗАТУЛЛА НӘРЗІЛДАЕВ – ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ / біздің ауданның мед,қызметі өте жақсы қызмет жасап келеді. Осындай қажет мед.қызметкерлерді көбейтуіміз қажет. Қай уақытта да жылы қабылдап, емін беріп тұрады. Біз қуанамыз. Бүгінгі мерекелері құтты болсын!

Жалпы, соңғы үш жылда аудандағы емдеу нысандарын заманауи қондырғылармен жабдықтау үшін 1 млрд теңгеден аса қаржы бағытталған. Ал, жергілікті мамандар Алматы мен Астана қалаларында білімін жетілдіріп, тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуде.