#qyzylordatv
Облыс бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері балаларымен бірге отбасылық эстафетаға қатысты. Спорттық сайыс «Заң мен тәртіп» жобасы аясында ұйымдастырылды.
Салауатты өмір салтын ұстанған жанұялар қаладағы ботаникалық бақта бас қосты. Іс-шарада облыстық спорт және туризм басқармасының басшысы Бақтияр Артаев сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Мұнан кейін үш командаға бөлінген қатысушылар спорттың төрт түрінен сынға түсті. Алдымен балалар түрлі кедергілер арасымен жылдамдыққа жүгірсе, ересектер арқан тартысып, гір тасын көтерді. Шешуші сайыста қол күрестірді. Нәтижесінде, «Жалын» тобы жүлделі бірінші орынды жеңіп алды. Ал, екінші орынға «Қыран» командасы ие болса, үшінші орынды «Тарлан» тобы місе тұтты. Барлық жарысқа қатысушылар медаль және алғыс хаттармен марапатталды.
АСЛАН КЕҢЕС – ОБЛЫС БОЙЫНША ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ //спорттық эстафета бұл тек жарыс емес, тәртіп пен әділдік, достық пен табандылықты насихаттайтын іс-шара. Себебі, бұл жоба Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынып отыр. Алдағы уақытта дәстүрлі түрде ұйымдастырылып тұрмақ.//
НҰРБОЛ ӘЛКЕБАЙҰЛЫ – ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ //Қызықты деңгейде ұйымдастырылған. Жалпы спортпен айналысу денсаулыққа пайдалы екені барлығымызға мәлім. Бұны біз балаларымызға әрі қарай насихаттау үшін де ұйымдастырдық деп айта аламыз..//