#qyzylordatv

23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні. Бұл – ел мен қоғам мүддесіне адал қызмет етіп жүрген азаматтардың кәсіби мерекесі. Мемлекеттік қызмет – жоғары жауапкершілік пен тұрақты даму талап етілетін сала. Өңірімізде бұл бағытта жүйелі жұмыстар атқарылып, әсіресе жас мамандарды қызметке тарту қарқыны жыл сайын артып келеді.

 Өткен жылы өңірлік кадр резервіне қатысуға 235 үміткер ниет білдіріп, өз құжаттарын тапсырған. Іріктеу нәтижесінде 25 жас маман резервке енгізіліп, олардың 9-ы конкурстық іріктеусіз мемлекеттік қызметке қабылданды. Соның ішінде үшеуі – басшылық қызметке тағайындалды. Ал бір үміткер Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне шақырту алып, жоғары лауазымға орналасты. Тағайындаулар саны жағынан Қызылорда облысы республика бойынша көш бастап тұр.

 ЕРЛЕГЕН МЕНДАЛИЕВ – ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын

2024 жылы үздік бітірген 5 түлектің 2-і конкурстық іріктеусіз басшылық лауазымдарға тағайындалды. 2024 жылы мемлекеттік грантпен жоғары оқу орындарын үздік бітірген өңіріміздегі 13 жас түлек аудандық және ауылдық деңгейдегі бос лауазымдарға конкурстық іріктеусіз тағайындалды. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 15-бабы 7-тармағының 3) тармақшасына сәйкес 2024 жылы

5 мемлекеттік әкімшілік қызметші конкурс өткізілместен бос лауазымдарға тағайындалды.

 Мемлекеттік қызметке жас мамандардың осылайша сеніммен тартылуы – ел болашағына жасалған маңызды қадам. Соның жарқын мысалы – Шаған ауылдық округінде қызмет атқарып жүрген Назерке Дәкен.

НАЗЕРКЕ ДӘКЕН – ШАҒАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ

2024 жылы Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде биология мамандығы бойынша мемлекеттік грант негізінде GPA 3.52 деңгейінде үздік бітірдім. Қазіргі таңда 2025 жылы 14 мамырдан бастап, Сырдария ауданы Шаған ауылдық округінде жетекші маман, әкімшілік мемлекеттік лауазымына конкурссыз қабылдандым. Мемлекет басшысының жастарға берген мүмкіндігі.

 Қызылорда облысында бүгінде 3 248 мемлекеттік қызметші жұмыс істейді. Оның 45 пайызы – әйелдер, ал 24 пайызы – 35 жасқа дейінгі жастар. Аймақтағы мемлекеттік қызметті жаңғырту, цифрландыру және кадрларды іріктеу жұмыстары Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыстық департаментінің бақылауында.