#qyzylordatv

Қызылордада облыс әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өтті. Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен жиынға жауапты сала басшылары қатысты.

Комиссия отырысында өңірдегі осал нысандардың қауіпсіздігін нығайту, қоғамдық-саяси ахуал және терроризм мен экстремизмге қарсы кешенді жоспардың орындалу барысы қаралды. Жиында сала өкілдері өз бағыттары бойынша баяндама жасап, жағдайды жақсарту мақсатында нақты ұсыныстарын жеткізді. Отырыс қорытындысында облыс әкімі тиісті мекемелерге тапсырмалар жүктеп, бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.