#qyzylordatv #заңментәртіп

«Заң және тәртіп» қағидатын ілгерту мақсатында облыс бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті ветеринария басқармасы мен оған қарасты ұйымдардың қызметкерлерімен кездесу өткізді.

 Бұл жиынның мақсаты «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету, қызметкерлерді жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауға ынталандыру, оның жағымсыз салдары және оған қарсы іс-қимыл мәселелерінде жеке жауапкершіліктің маңыздылығы туралы түсіндіру. Департамент басшысының бірінші орынбасары Айдос Жүнісов өз баяндамасында, «Жемқорлықпен күрес тек құзырлы органдардың емес, бүкіл қоғамның міндеті. Біз бұл індетке қарсы тұру үшін құқықтық мәдениет пен азаматтық жауапкершілікті қатар дамытуымыз керек»,- деп атап өтті. Сондай-ақ, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тегін консультациялар алу үшін және құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлау үшін 1424 колл-орталығына хабарласу мүмкіндігі барын жеткізді.

АЙДОС ЖҮНІСОВ – ОБЛЫС БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ///Жаңа форматтағы СЖҚ саясат үш кезеңнен тұрады. Ол оқу-ағарту, превенция және жазалау. 2:49-/ Яғни, орын алған қылмыстың салдарынмен күресу емес, оларды болдырмау, және болашақта осы қылмысқа жол бермеу. Президент атап өткендей «Жемқорлық індет онымен күресу міндет» принцпін қоғам санасына барлық мем.органдар алына қойылатын талап.