#qyzylordatv
Егісті әртараптандыру – уақыт талабы. Себебі, өңірде соңғы жылдары су тапшылығы айқын сезілуде. Жергілікті ғалымдар осы мәселеге байланысты суды көп қажет етпейтін арпа, бидай секілді мал азықтық дақылдардың жаңа сорттарын шығарып, өндіріске енгізіп жатыр.
Ыбырай Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми -зерттеу институты әртараптандыру жұмыстарымен 2006 жылдан бастап айналысып келеді. Жиырма жылдың ішінде аймақтың климатына төзімді, топырағына бейімделген арпа мен бидайдың оншақты сортын өсіріп шығарды. Басты ерекшелігі бұл дақылдар 75 күнде піседі. Өнімді жинап алған соң орнына жоңышқа егуге болады. Тағы бір артықшылығы, арпа еккен алқапта тұз жердің бетіне көтерілмейді.
ЛАУРА ТОХЕТОВА, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ \Біздің шығарған арпалардың құрамы биохимиялық анализ жасаған кезде ақуыздың мөлшері 14 пайыздан жоғары болды. Яғни, мал азықтық бағытында өте пайдалы. Екіншіден былтырғыжылдан бастап арпаның қабықшасыз түрін шығарып жатырмыз. Ешқандай шлиповкасыз дайын өнім перловка дейміз пайдалануға болады. Осы үлкен жаңалығымыз \
Институттың тәжірибе алаңында арпа мен бидайдың бірнеше сорты егілген. Бір ерекшелігі бұл дақылдар күріш сияқты суда тұрмайды. Ерте көктемде егіліп, жердің ылғалымен піседі.
КАМАЛДИН ШЕРМАҒАНБЕТОВ, Ы.ЖАҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ КҮРІШ ҒЗИ ЖЕТЕКШІ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ \Күріш дақылынан кейін қалған топырақтың ылғалдылығын тиімді пайдалану негізгі мақсат. Күріш 100 күнге дейін суда тұрады. Ол ылғал келесі жылы ждаз айының жартысына дейін жетеді десек артық емес. Жылында кемінде екі сорттан беріп жатырмыз. Сол сорттар өндірістен орын тапса дейміз. Су тапшыылғы күрделенбесе азаймайды. Сол себепті орнына ауыстыратын дақыл керек. Арпа дақылы жоңышқамен бірге бүркемелеп сеуіп жіберуге болады\
Жергілікті жерге бейімделген мал азықтық дақылдарға өңірдегі бірқатар шаруашылық қызығушылық танытып отыр. Мәселен, Жалағаш ауданындағы «Ер әлі» шаруашылығы өткен жылы екі гектарға арпа егіп, сегіз тоннадан астам өнім алған.
ТАЛҒАТ БАЙДАЛИЕВ, ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Әр ауданнан келген шаруашылық төрағалары институттың тәжірибелік және өндірістік алаңдарында болып, өскінді егу, күтіп баптау жұмыстарымен танысты. Ал, «Өсімдік шаруашылығы саласын әртараптандырудың ғылыми-практикалық негіздері» тақырыбындағы семинарда ғалымдардың баяндамасын тыңдап, кеңес алды.