#qyzylordatv
Балаларға –базарлық. Қызылордада «Аладдин» балалар қойылымының премьерасы болды. Қалалық «Жастар» театры шытырманға толы ертегіні француз жазушысы Галланың туындысы бойынша сахналады.
«Аладдин»- кішкентай балалардың сүйікті ертегісі. Шығарма желісі бойынша кедей отбасынан шыққан Аладдин есімді жігіт Жасмин ханшайымға ғашық болады. Алайда ханның уәзірі Джафар оларға түрлі кедергі жасап, патша тағын иеленуді көздейді.
САНАТ ЖҮЗБАЙ – ҚОЮШЫ РЕЖИССЁР
«Алладинді» енді кішкентайымнан көріп, кассетадан көріп өскеннен кейін мен осы балалық арманымның бірін орындадым деп ойлаймын. Жалпы актерларға ешқандай күмән болған жоқ, толыққанды берген кезде әр рөл өзінің деңгейінде алып шықты деп ойлаймын.Бұған дейін Бекежанов театрында кезінде болған қателеспесем он жыл бұрын, ол мүлдем басқа Аладдин,мына жердегі басқа Аладдин, мен мультфильм,киносын көргеннен кейін сол жақтағы версиясына жақындаттым.
Басты кейіпкер Аладдинді жас актер Қуаныш Әбілқасым сомдады. Ол бұл рөлде ойнау үшін бір ай дайындалған.
ҚУАНЫШ ӘБІЛҚАСЫМ - ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСІ Көп зерттедім, мульфильмін қарадым, фильмін, ертегісін, барлығын зерттеп, Аладдиннің нақты образын өзіме лайықтап жасадым деп ойлаймын, Аладдин өте көңілді, өмірді жақсы көреді, Аграбаны жақсы көреді, өзінің белгілі-бір мақсаты бар ашық-жарқын адам.
Шытырманға толы оқиғаның ең әсерлі тұсы сиқырлы құмырадан Джиннің шығуы. Ол қатыгез уәзірге қарсы тұрып, Аладдинге көмектеседі. Қойылымның негізгі идеясы балалар мен жасөспірімдерді адалдық пен мейірімділікке тәрбиелеу.
Бұл қалалық «Жастар театрының» балаларға арналған екінші қойылымы. Бұған дейін Ұлан Болатбектің «Туған күн» туындысы сахналанғанған болатын.