#qyzylordatv
«Worldskills Kyzylorda-2025» байқауының жеңімпаздары анықталды. Сайыстың түрлі кезеңдерінен сүрінбей өткен техникалық және кәсіптік мамандықтарда оқитын студенттер марапат төрінен көрінді. Енді тәлімгерлер халықаралық және республикалық жарыстарда бақ сынайды.
“Worldskills Kyzylorda” байқауында жүзден жүйрік атанған студенттердің бірі - Гүлім Ғабит. Ол колледжде шаштараз мамандығын оқып жатыр. Байқауда осыған дейін алған білімін тәжірибе жүзінде көрсетіп, өзге тәлімгерлерден озып шыққан. Шаштараз болу бала күнгі арманым деген қыз енді республикалық жарыста қабілетін көрсетеді.
ГҮЛІМ ҒАБИТ — «АБЫЛАЙ ХАН» АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ // Биыл жастар мамандығының арасында шаштараз құзыреттіліген қатысып, I орын иегері атандым. Былтыр да дәл осындай жеңіспен Астана қаласына барған болатынмын. Ол кезде медальон иегері атанып келдім. Оқуымды бітіргеннен кейін, шаштараз құзыреттілігін алып, ары қарай да осылай дамытқым келеді.
Жалпы жоба бойынша техникалық және кәсіптік мамандықта білім алып жатқан студенттер бірнеше кезеңде сайысады. Әуелі колледж ішінде, облыстық деңгейде, кейін өңіраралық жарысқа қатысады. Ал байқауда берілген тапсырмаларды тиянақты орындап шыққанына қарай баға беріледі. Жобаның басты мақсаты жастардың жұмысшы мамандықтарға деген қызығушылығын арттыру.
ҰЛАН ТАНМАМБЕТ — ОБЛЫСТЫҚ ОҚУ ОРТАЛЫҒЫ МАМАНЫ // Бірінші колледж базасында өткізіледі. Колледж базасынан өткеннен кейін, облыстық кезеңнің жеңімпаздары марапатталып жатыр. Бұдан шыққан жеңімпаздар республикалық кезеңге қатысатын болады. 2024 жылдың қорытындысы бойынша біздің өңіріміздің 2 баласы республикадан топ жарды. Қазақстандық іріктеуден үздік шығып, халықаралыққа жолдама алып отыр. Абылайхан атындағы колледждің базасында үлкен тігін шеберханасы ашылады деп күтіп жатырмыз. Біздің балаларымыз колледж базасында білім алып, ары қарай сол шеберханада жұмыстарын жасай беретін болады.
Еліміздің жас мамандарына алған кәсіби дағдылары мен құзыреттіліктерін көрсетуге мүмкіндік беретін “WorldSkills” жобасы биыл оныншы жыл ұйымдастырылуда. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасындағы байқауда 160-қа жуық студент бақ сынап, 102-сі марапатқа ие болды.
Шара барысында құрылыс, медицина, электроника, дизайн, аспаз ісі, тігін сынды 29 мамандық бойынша көшбасшылар анықталды.
БАҚЫТБЕК ЗЕЙНУЛЛА — М. САЛАМАТОВ АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ СЕРВИС КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ // Мен аспаз құзыреттілігінен жарысқа қатыстым. Биыл өткен WorldSkills жарысынан осы чемпионаттан 1 орын иелендім. Алдағы уақытта үлкен кәсіпкер және ресторан ашу.
Ұйымдастырушылар соңғы жылдары байқауға қатысушы жастардың қатары көбейгенін айтады. Әлемнің 80 мемлекетінде өткізілетін жобада жеңіске жеткен өңіріміздің 2 студенті енді Дания елінде өтетін халықаралық жарыста сынға түспек.