#qyzylordatv
Облыстық ардагерлер кеңесі медицина саласының ардагерлері мен қазір де еңбек майданында жүрген бірқатар ақхалаттыны марапаттады.
Мерекелік шарада денсаулық саласында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, адам жанының арашасы болған ардагерлерге «Еңбек ардагері» медалін табыстап, сый-құрмет көрсетті. Бүгінде облысымызда 85 мың зейнеткер болса, оның 4 мыңға жуығы осы медицина саласының ардагерлері.
ӨМІРБЕК ШӘМЕНОВ — ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ // Соның ішінде, жақсы қызмет істеген, өзінің өмір жолында дәрігерлік салада жасаған ардагерлерімізді біз де марапаттап жатырмыз. Ортамызда 2 денсаулық саласына байланысты қызмет жасаған ардагерімізді марапаттап жатырмыз. Денсаулық саласының төңірегінде жұмыс істеп жүрген ақ халатты дәрігерлердің дені сау, аман болып, жасап жатқан қызметінің абыройы биік болсын //
ӨМІРБЕК КЕНЖЕҒҰЛОВ —МЕДИЦИНА САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ // Қармақшы ауданына келіп, 11 жыл аудандық аурухананың бас дәрігері болдым. Қалалық туберкулез деген больницаның главный врачы болып, осы жерден пенсияғы шықтым. 45-50 жылдай осы медицина саласында еңбек еттім. Бүгін, міне, мені енді сол еткен еңбегімді ескеріп, Қызылорда облыстық еңбек ардагері деген медаль тағып, ұсынып жатыр //