#qyzylordatv

23 маусым – Полиция күні. Бұл сала ардагерлері мен қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген тәртіп сақшыларының кәсіби мерекесі. Атаулы датаға орай әріптесім Әкімжан Жолтаев қызмет барысында қырағылық танытып, ерлік көрсеткен полиция қызметкерлері туралы сюжет дайындады.

 ӘКІМЖАН ЖОЛТАЕВ, ТІЛШІ \ Полиция – халық қорғаны, қоғам тыныштығы мен азаматтардың қауіпсіздігін қадағалайтын құрылым. Сондықтан тәртіп сақшыларына жүктелетін жауапкершілік жүгі қашанда салмақты. Кәсіби біліктілік, шеберлік, ұстамдылық, төзімділік, жылдамдық және тез шешім қабылдай білу полиция қызметкерлеріне керек ең басты қасиеттер. Біздің бүгінгі кейіпкерлеріміздің бойында дәл осы қасиеттердің бәрі бар. Себебі, олар бейбіт күннің батырлары\

 Полиция қызметкерлерінің күнделікті жұмысы осылай басталады. Сайдың тасындай сап түзеген тәртіп сақшылары басшылық құрамнан қажетті нұсқама алып, өздеріне бекітілген аймаққа аттанды. Түнгі кезекшілікке шыққандардың арасында жол патрульдік полициясының взвод командирі Бектұр Сатенов те бар. Бектұр Амангелдіұлының бұл салада жүргеніне биыл 16 жыл. Тәжірибелі полицей қызмет барысында бірнеше рет адам өмірін құтқарып, ерлік жасаған. Мәселен, 2009 жылы өртеніп жатқан көпқабатты үйлердің бірінен төрт адамды аман алып шығып, бейбіт күннің батыры атанды. Бектұрдың бұл еңбегі еленіп, «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Бектұр Сатенов 2021 жылдың 26 мамырында тағы да өмірін қатерге тігіп, жалын шарпыған үйден 1967 жылы туған қала тұрғынын құтқарады.

 БЕКТҰР СӘТЕНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ЖПҚ БӨЛІМІНІҢ ВЗВОД КОМАНДИРІ \Ақмешіт мөлтек ауданы, түнгі уақытта жаяу бағытты тексеріп тұрғанда жарылған дауыс шықты. Газ атылған екен. Қасымда жаяу бағыт бар екі қызметкер. Көршілерді оятып, сағат 12 ден кетіп қалған. Есікті бұзып аштық. Үлкен кісі тұрады екен немересімен. Өрт сөндірушілер келем дегенше шығарып, көмек көрсеттік. \

Сын сағатта сыр бермей, адам өміріне араша болған Сыр сақшысы Президенттің қолынан «Жауынгерлік ерлігі» медалін алып келді. Құрметке бөленген қырағы полицей: «Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету біздің басты міндетіміз. Сондықтан қандай жағдай болмасын тез шешім қабылдап, әбжіл әрекет етуміз керек, -дейді.

 БЕКТҰР СӘТЕНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ЖПҚ БӨЛІМІНІҢ ВЗВОД КОМАНДИРІ \Халық баға береді бізге. Шын нитепен жұмыс істесек халықпен бағалайды бәрі. Жақында екі қызметкерім суицидтен адам құтқарды. Тағы екі қызметкер осы Арай мөлтек ауданында өрттен мүгедек кісіні алып шығады. Сол кісінің қыздарының, бала шағасының алғысына бөленіп, марапаттап жатырмыз қазір. Жаман емес, жастарды тәрбиелеп жатырмыз. Әрине оңай емес біздің жұмыс. Жуапкершілігі өте мол. Уақытпен санаспаймыз. Түн тыныштығын сақтаймыз\

Бектұрдан тәлім алған тәртіп сақшылары да қызмет барысында қырғалық танытып, елдің алғысына бөленіп жүр. Мәселен, қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Шыңғыс Жалғасбай мен Айдархан Кенжебекұлы үстіміздегі жылдың қаңтар айында өз өзіне қол жұмсамақ болған тұрғынды ажалдан арашалап қалды.

 ШЫҢҒЫС ЖАЛҒАСБАЙ, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ЖОЛ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ \102 арнасына хабарлама келіп түседі Тасбөгет кентіндегі тұрғындардың бірінен өз өзіне қол жұмсау әрекетін жасамақшы деген. Уақытылы барып, өз өзіне қол жұмсамақ болған адамға әрекет жасап, жедел жәрдем көмегін шақырдық. Көрсеткен қызметіміз үшін «Жауынгерлік ерлігі» үшін медалімен марапатталдық\

 Міне, Сыр сақшылары осылайша дер кезінде әрекет жасап, төтенше жағдайлардың, құқық бұзушылықтың алдын алып жүр.