#qyzylordatv #тазақазақстан

«Дүниежүзілік тазалық күні» акциясы аясында облыс бойынша жаппай сенбілік шаралары ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты –экологиялық мәдениетті дамыту, қоршаған ортаны қоқыстан тазарту және қоқысты сұрыптап жинау принципін енгізу.

АЙДАНА ЖҰМАДИНОВА – ТІЛШІ: Халықаралық экологиялық бастама 2008 жылы Эстонияда бастау алды. Бүгінде ол 180-нен астам елді қамтитын ауқымды шараға айналған.

 Бұл күні Денсаулық аллеясында өткен сенбілікте 300-ге адам еңбек етті. Акция барысында көше, жол бойы ғана емес, қала аумағындағы саябақтар да тазартылды.

 МӘРІП АКБАР, ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ /

Бүгінгі күні денсаулық саябағында ғана емес, Қызылорда облысы бойынша кең ауқымды өткізілуде. Облыс бойынша 18 мыңға жуық адам қатысуда. Бұған мемлекеттік қызметкерлер, бизнес өкілдері, табиғат жанашырлары, экобелсенділер және студенттер кең ауқымда қатысуда. Бүгінге жоспар боынша 880 тонна қоқыс шығарылып жатыр деген мәлімет түсіп отыр.

 Сенбілік таңды студенттер де сергек бастады. Олар Денсаулық аллеясына келген бетте іске кірісті.

ЖІБЕК АҚНҰРОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Біз экология және табиғатты пайдалану білім беру бағдарламасының студенттеріміз және Eco-life клубының мүшесіміз. Біз үшін қаламыздың табиғаты таза болуы өте маңызды. Әр сенбілікке шыққан сайын табиғатымызды таза ұстап, оны келешек ұрпаққа қалдыра аламыз.

 Өңірде «Таза Қазақстан» жобасы аясында сенбіліктер тұрақты түрде өткізіліп келеді. Соның нәтижесінде облыс аумағының тазалығы көз сүйсіндіріп, көңіл қуантады. Иә, бұл шара тұрғындарды ерікті түрде біріктіріп, аймақ тазалығын сақтауға үлкен үлес қосуда.