#qyzylordatv #тазақазақстан
Сыр жастары экологиялык акцияға үлес қосты. «Таза Қазақстан» жобасы аясындағы тазалық шарасы Отан қорғаушылар аллеясында ұйымдастырылды.
Еріктілер мен жастар орталығының өкілдері бұған дейін саябақтарда, өзен-көл жағалауларында және халық көп жиналатын орындарда тазалық жұмыстарын жүргізді. Шараның басты мақсаты - жастардың белсенділігін арттырып, қала тұрғындарын тазалыққа үндеу.
ӘЛІБИ БАСАРОВ - ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ // Экологиялық акцияның басты мақсаты- осы қоғамда қаланы таза ұстау және де тазалыққа шақыру тұрғындарды сонымен қатар, жастардың белсенділігін арттырып әрі қарай Таза Қазақстан экологиялық жобасын қолдау болып табылады. 01:25 Экологиялық акцияға ерікті түрде келетін жастарымызда бар.
МЕДЕТ ЖОРАБЕК - ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ // локомотив депосының жаны осыдан 100 жыл бұрын алаштың астанасы болған сыр елінің осы жерде үкіметтің делегациясын қабылдап, осы жерде алғашқы теміржолдың іске қосылуы, осының барын байланыстыра отырып, жастарға пайдалы істермен айналысу, тазалыққа шақыру, экологиялық мәдениеттерді қалыптастыру және де тарихымызға аздаған болса да шолулар мақсатында ұйымдастырылып отыр. Енді бұл шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады, мемлекет басшысының қойған тапсырмасына сәйкес жастар белсенді түрде өздерінің борышы ретінде Қазақстанда таза әрі, жасыл аймаққа айналдыру идеясын қолдайтын болады.