#qyzylordatv
Облыстық әділет департаментінің ұйытқы болуымен Қызылорда Ашық университетінде алғаш рет «Медиация және заң» клиникасы ашылды.
Мемлекет басшысы өз Жолдауында: «Заң мен тәртіп – мемлекетіміздің мызғымас тұрағы. Заң үстемдігі орнықпаса, азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмесе, әлеуметтік-экономикалық дамудың бірде-бір міндеті табысты жүзеге асырылмайды. Сондықтан әрбір азамат өз сауаттылығын арттыру маңызды» деген болатын. Жаңа жоба – әлеуметтік жауапкершілік, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға талпынысы бар заңгерлердің жаңа буынын тәрбиелеуге бағытталған. Аталмыш клиника тек оқу аудиториясы ғана емес теория мен практикада кездесетін бірегей платформа болмақ. Яғни, студенттер өз білімдерін нақты өмірлік жағдайда қолдануға, мұқтаж адамдарға ақысыз заң көмегін көрсетуге мүмкіндік алады. Сондай-ақ, арнайы кабинетте департамент мамандары қала тұрғындары мен студенттерге де құқықтық кеңес беріп, өз мәселелерінің шешімін табуға септігін тигізеді.
ҰЗАҚБАЙ ОРАЗГЕЛДІ – ОБЛЫСТЫҚ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ //Мемлекет басшысының өз Жолдауында халықтың сауаттылығын арттырып, оларға құқықтық көмек көрсету мақсатында Әділет министрлігінің тапсырмасы негізінде осы аталмыш клиника ашылып отыр. Бұл кеңседе қандай да бір көкейтесті мәселелер бар болса соларды осы жерде ашық тыңдап біздің мамандар қай салаға қатысты болса, сол салаға мамандары арқылы тегін құқықтық көмек ала алады. Бұл өңірдегі алғашқы жоба. Алдағы уақытта тағы басқа да оқу орындарын да ашу жоспарда бар.//
РЫСДӘУЛЕТ ОРАЛБАЙ – СТУДЕНТ //Медиация және заң клиникасының ашылуы заң факультеттерінің студенттері үшін белгілі бір тұлға болып қалуыптасуына үлкен ықпал ететін орталық. Осы жерде білім алып қана қоймай, біз жас маман болып, әділ болуға ұмтыламыз. Қоғамға өз пайдамызды тигізуге де әсерін береді.//