#qyzylordatv
Ақтауда алғаш рет қоян-қолтық ұрыстан жастар арасында Әлем чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде сырбойылық спортшы Бекарыс Нұржаубайұлы қола жүлдеге ие болды.
Халықаралық дода 16-17 қыркүйек күндері ұйымдастырылды. 57 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен жерлесіміз Бекарыс Нұржаубайұлы сәтті өнер көрсетіп, үздік үштіктен көрінді.