#qyzylordatv

Бүгін Абай облысы мен Қызылорда облысына рухани көпір түскен күн. Дәл қазір Сыр өңірі мен мәдениеті осы Семей төрінде паш етілуде. Осы өңірде жүрген тілшіміз бізбен тікелей байланысқа шыққалы тұр, Айнұр, сіз эфирдесіз!

 АЙНҰР ТҰҢҒЫШБАЕВА – ТІЛШІ

Бүгін Абай облысының театрында Қызылорда облысының өнер күндері өтіп жатыр.

Келушілер назарына әуелі мазмұн мен тарихқа бай "Сыр өңірі - түркі өркениетінің алтын бесігі" атты көрме паш етілді. Әсіресе археологиялық қазбалар көпшіліктің асқан қызығушылығын тудырып отыр, барлық экспонаттар түпнұсқада әкелініп отыр, олардың қатарында

Жетіасар ақсүйек әйелі, Шірік Рабат сақ жауынгері, Сақ ханшайымы бар. Сондай-ақ, Сыр елінің қылқалам шеберлерінің туындылары, жергілікті ақындардың алтын, күміс домбыралары, Қызылорда қаласының астана болғанына 100 жылдығына орай құжаттар, архитектуралық макеттер қойылды. Абай елі мен біздің Сыр елін байланыстыратын керемет құнды жәдігер бар, оның құпиясымен бізбен музей қызметкері бөліспек

Құнды мәліметіңізге рахмет! Қазір көрменің ізін ала бере гала-концерт бастау алмақ.