#qyzylordatv
Қызылорда медициналық жоғары колледжінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Әжемнің ертегісі» атты облыстық өнер фестивалі өтті. Отбасы құндылығын дәріптеп, өскелең ұрпаққа тағлымды тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылған сайысқа 12 әже немересімен бірге қатысты.
Ананың әлдиін, әженің ертегісін тыңдап өскен баланың танымы терең, тәрбиесі бөлек болады. Сондықтан ұлттық құндылығымызды ұлықтап, қазақы тәрбиені ұмытпағанымыз абзал. Өнер фестивалінің басты мақсаты осы. Сайысқа қатысушылар екі кезеңде сынға түсті. Бірінші бөлімде өздерін таныстырса, екінші бөлімде немересіне ертегі айтып берді. Тағлымы мол шарада ақ кимешек киген аналардың сахналық образы, әртістік қабілеті, сөйлеу мәнері сараланып, қазылар алқасы бағасын берді.
РАНАЙ САТАЕВА, ФЕСТИВАЛЬГЕ ҚАТЫСУШЫ \\ \«Әжемнің айтқан ертегісі».Бұл бір қолға алынатын іс.Мен осы немерелеріме өзім жазған ертегімді айтамын.Осындай ұмтылып бара жатқан.Кітап болып басылып шыққан.Өзімнің ойымнан шыққан туған жеріме арналған ертегімді айтамын.Ауыз әдебиеті жанрының бірі-ертегілерлі қолға алғанына,осы шараны ұйымдастырушыларға мың да бір алғыс айтамын.Елімізге аманшылық.жұртымыз тыныш болсын.Облысымыздың да,Қызылордамыздың да 100 жылдығы құтты болсын.//
РЫСТЫ ОРАЗБАЕВА, ФЕСТИВАЛЬГЕ ҚАТЫСУШЫ \\\\Мына біздің басталып жатқан сайысымыз әже мен немере арасында, бұл да бір жастарға керек.Мысалға,менің айтатын ертегім «Жалқаубек».Жалқау баланы қалай түзу жолға салу керек?Бұл үлкен мағынасы бар ертегі.Қазір ертегімді көрсетіп беремін.Оның бәрі жалқау қалай түзу жолға түсіп,тәртіпті,тәрбиелі бала болып кеткендігін,соны немереміз екеуміз көрсеткелі отырмыз\