#qyzylordatv
Қалалық бюджет кірісі 16 миллиард теңгеге ұлғайып, қаржы коммуналдық-шаруашылық салаларына бағытталды. Бұл туралы Қалалық мәслихаттың кезектен тыс 41 сессиясында айтылды. Бюджетке енгізілген өзгерістерді депутаттар жан-жақты талқылады.
Сессияның күн тәртібіне ұсынылған алғашқы әрі өзекті мәселе «2025-2027 жылдарға арналған Қызылорда қаласының бюджетін бекіту туралы» болды. Қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Гүлнар Баймаханова хабарлама жасап, депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Қаржы негізінен халықтың әлеуметтік осал топтары үшін тұрғын үй сатып алу, автомобиль жолдарын жөндеу, ағын суларды биологиялық тазарту станциясын жаңғырту секілді тұрғындар үшін маңызды мәселелерді шешуге бағытталмақ.
Сессияға қатысқан қала әкімі Нұржан Ахатов жыл басында 73,1 млрд теңге болып бекітілген қала бюджеті 8 айдың қорытындысында 144,2 млрд теңгеге жетіп, екі есеге жуық артқанын айтты.
Сонымен қатар сессияда Қызылорда қаласы бойынша округтік және учаскелік сайлау комиссияларында қалыптасқан бос орындар толықтырылып, тиісті өзгерістер енгізілді.