«Ұлттық Урбан Форумы – 2025 Қызылорда» халықаралық форумына қатысушылар қаладағы бірқатар нысанды аралады.

Орталық алаң, қалалық мәдени-демалыс саябағында болды. Тәуелсіздік даңғылымен жүріп өтіп, сол жағалаудағы жаңа стадионның құрылысымен танысты. Сондай-ақ, физика-математика бағытындағы «Білім-инновация» лицей-интернатын аралады. Лаборатория, робототехника және STEAM кабинеттерін көрді. Айта кетейік, мұнда физика, математика, информатика пәндері ағылшын тілінде тереңдетіліп оқытылады. Форумға қатысушылар «Үстел теннисі» орталығында, облыстық тарихи-өлкетану музейінде, шығармашылық-инновациялық академия мен «Анаға тағзым» орталығында да болды.