Қазақстан ұлттық урбан форумы алғаш рет Қызылордада өтіп жатыр. Бұл қаланың инклюзивті дамуын талқылайтын бірден-бір алаң. Іс-шара мемлекеттік құрылымдармен қатар, халықаралық ұйымдардың, сарапшылар, бизнес қауымдастығының басын қосты. Форум алаңында жүрген тілшіміз Айнұр Тұңғышбаева студиямен байланысқа шықты.