Урбан Форум аясында форум делегаты, Біріккен Ұлттар Ұйымының аймақаралық кеңесшісі Катя Шефер Сырдария ауданындағы Нағи Ілиясов және Бесарық елді мекендерінде болды. Мәртебелі мейман сәні мен сәулеті артқан елді мекендердегі ілкімді істерге оң бағасын берді. «Нағи ауылы — өңірлік деңгейдегі урбан дамудың жарқын мысалы. Мұндай жергілікті тәжірибелерді халықаралық деңгейде бөлісу маңызды," — деді Катя Шефер.
Біріккен ұлттар ұйымының хабитат аймақаралық кеңесшісі Катя Шефер алдымен Нағи Ілиясов ауылына барды. Бірлігі бекем ауылдың татымды тірлігі туралы талай айтылып жүр. Талай қонақты қарсы алып үйренген тұрғындар бұл жолғы мейманды да бірден баурап алды. Катя Шефер қазақы ауылға тамсана естелікке суретке түсті. Тыныс-тіршілігін өзінің ұялы телефонына таспалап алды. Жас жеткіншектермен теннис ойнады. Ал, ақжаулықты әжелер шетелдік мейманға құрт-майын ұсынып, әннен шашу шашты.
Қазақтың жөн-жоралғысымен танысқан мейманға, өңірдің басты бренді - Сыр салысының түр-түрі көрсетілді.
АЛТЫНАЙ ОМАРҚҰЛОВА – КОМПАНИЯ МЕНЕДЖЕРІ
Шетелден келген қонағымызға өнімдер ұнап жатыр. Және де ол кісі қызықты әртүрлі сұрақтар қойып жатыр. Өнімнің мөлшерін сұрап жатыр ол кісі. Қандай өнім жинайсыздар, қандай өнім өндіріп шығарасыздар деп, оны айтып жатыр. Тұзға өзінің ерекше қызығушылығын білдірген болатын. Тұзды да осы Қызылорда жерінде шығарасыздар ма және қандай түрлері бар деп сұрады. Оны да айттық. Техникалық және йодталған тұз бар деп айттық.
Қолөнер шеберлерінің көрмесі де таң –тамаша етті.
ҚУАНЫШБЕК БИСЕНБАЕВ – АҒАШ ҰСТАСЫ
Бұл енді жұмыстан бос кездерде сүйікті кәсібім. //айналысқаныма 10-15 жылдың көлемі болды. Енді көп таптыра бермейді. Біздің жер тоғайлы келеді. Тоғай арасында мал қарағанда жоллдарда кездеседі. Бұталардан, тамырлардан. Өтіп бара жатқанда ұқсатам бірнәрсеге. Жан-жануар, құстарға. Сүйтіп үйге әкеліп, қолым бос кезде соны бірнәрсеге ұқсатып жасаймын. // бұлар бірақ түрден болады. Бұны кейін істей алмай қалуың мүмкін. Сондық тан шетелден қонақ келгенде осылай сыйға тартамыз.
Бесарық ауылы да шетелдік мейманды құшақ жая қарсы алды. Елді мекеннің тыныс-тіршілігімен танысқан Катя Шефер әжелер ансамблінің өнерін тамашалап, керемет көңіл-күйге бөленді.