Бүгінгі форумда көтеріліп отырған өзекті мәселелердің бірі – қалаларда өмір сапасын жақсарту, жасыл инфрақұрылым енгізу, ақылды шешімдер ұсыну. Бір сөзбен айтқанда, қала кеңістігін қалыптастырудың жаңа тәсілдері талқыланып жатыр. Сондай-ақ, қуаңшылық, су тапшылығы және экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы өңірлік урбанизацияны жаңа қырынан қарастыруды талап етеді. Тілшіміз Назира Алмас тікелей эфирге қосылды.