#qyzylordatv
Облыста жыл сайын жаңа әлеуметтік маңызы бар нысандар, тұрғын үйлер көптеп салынуда. «Бұл - мемлекеттік қолдау мен жүйелі жұмыстың нәтижесі,»- дейді облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ерлан Төрәлиев. Айталық, биылдың өзінде аймақ бойынша 350 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 870 мың шаршы метрге жетеді. Тақырыпты тілшіміз Назира Алмас тарқатсын.
Аймағымызда соңғы жылдары бұрын-соңды болмаған құрылыс қарқыны байқалады.Статистикаға сүйенсек, алғашқы жартыжылдықта 111,9 миллиард теңгенің құрылыс жұмыстары атқарылыпты. Бұл былтырғы кезеңмен салыстырғанда 144,6 пайызға артық. Демек, облыста тіршілікке тірек болар нақты жобалар жүзеге асырылып жатыр.
ЕРЛАН ТӨРӘЛИЕВ - ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС, СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Қаржы игеру бойынша 6 айға 36,6 млрд.теңге жоспарланып, 98,3 пайызға орындалды.Биыл жылға барлығы 166,8 млрд. теңге бөлінген болатын. Айта кетейік. Өткен жылы біздің саламызға 128 млрд теңге бөлінген. Қазір біз алты аймен өткен жылдың көрсеткішін артығымен орындап отырмыз. Атап айтқанда:Білім беру саласында – 11 нысан (5 жайлы мектеп);Денсаулық сақтау саласы – 9 нысан;Мәдениет саласы – 6 нысан;Спорт саласы – 8 нысан;Мемлекеттік орган – 3 нысан;Инженерлік желілер – 44 жоба.Тұрғын үй құрылысы - 15 тұрғын үй (650 пәтер).Пәтер сатып алу – 2980 пәтер алу жоспарда.
Мәдениет саласы бойынша да бірқатар игілікті істер атқарылды. Биыл Сырдарияның сол жағалауында жаңа Тарихи-өлкетану музейі мен Арал, Қазалы және Сырдария аудандарында Руханият орталықтары ел игілігіне берілді. Ал Достық үйінің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар, медицина, тұрғын үй және спорт салаларында да ауқымды жобалар жүзеге асуда.
ЕРЛАН ТӨРӘЛИЕВ - ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС, СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Спорт саласында, Стадион құрылысын тамыз айының аяғында немесе қыркүйек айының басында қолданысқа беру жоспарланса, өздеріңізге белгілі облыстық бюджет есебінен «Қызылорда Арена» спорт кешенінің және «Қазақстан Халқына» қоры арқылы келісім негізінде құны 2,9 млрд.теңге болатын сол жағалаудағы спорт кешенінің құрылысы жүріп жатыр.
Сала серпіні – өңір дамуының айқын көрінісі. Құрылыс қарқыны халықтың өмір сапасын арттырып, жаңа жұмыс орындары мен әлеуметтік инфрақұрылымға жол ашары сөзсіз.