#qyzylordatv
Осы Қызылорда мен Ақтөбені байланыстыратын автожолды бірінші санатқа ауыстыру жайы көптің көкейіндегі мәселе. Мемлекет басшысының тапсырмасымен аталған күре жолды кеңейту жұмыстары қолға алынып жатыр. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Жәнібек Сыздықов осылай деп мәлімдеді.
ЖӘНІБЕК СЫЗДЫҚОВ — ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ // Бізде Батыс Еуропа — Батыс Қытай жолы қайта жаңғыртудан өтеді деп күтілуде. Өздеріңіз білесіздер, Қызылордадан Ақтөбеге дейін екі жолақты көптеген жол қозғалысына кедергі болады, кісі өліміне дейін болып жатыр. 2023-те Қасым-Жомарт Кемелұлы Қызылорда өңіріне іс-сапармен келген кезде халықтың ұсынысын облыс әкімі жеткізіп қолдау тапқан болатын. Қазіргі кезде техникалық экономикалық негіздемесі дайындалуда 4 жолақтыға кеңейту бойынша. Ол екі этаптан тұрады, Қызылорданың айналма жолы ол қазір мердігер анықталу үстінде 28 км. Екінші бөлігі Ақтөбеге дейін, шекараға дейін 470 шақырым ол жаңа айтып өткендей техникалық экономикалық негіздемесі дайындалып жатыр. 3 тоқсанда Жезқазған айналма басталса, келесі жылы толық 2 этап басталады деп күтілуде. //
Сондай-ақ бүгінгі таңда ұзындығы 424 шақырымды құрайтын республикалық маңызы бар «Қызылорда-Жезқазған» автожолының облысымыздағы 216 шақырымына жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Үлкен жолда мал өткелі, жол асты құбырлары, көпірлер, демалыс алаңқайлары, жылы санитарлық тораптар қаралған. Жалпы соңғы жылдары жол инфрақұрылымы саласында оң динамика қалыптасып келеді. Мәселен, биыл жергілікті жолдардың деңгейін жақсарту мақсатында бюжеттен тиісті қаржы бөлініп, ұзындығы 330 км құрайтын автомобиль жолдары, көпір, өткелдер мен көшелер жөнделіп жатыр.
Соның ішінде, «Әуежайға кіре беріс» жолы мен жол бойындағы Шіркейлі, Сыздық, Жаңадария каналдарындағы көпірлерді реконструкциялау, Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылын кеңейту және даңғыл бойындағы «Қызылжарма» каналы арқылы өтетін автожол көпірінің құрылысы аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілді.
ЖӘНІБЕК СЫЗДЫҚОВ — ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ // Сол жолдарды қайта жаңғырту барысында көптеген қала маңындағы дачалық үйлерге көше жүргізіп кеттік. Еңбек, Орбита саяжайы, ПМК-29 сол жолға дейін біз бәрін жөндеп кеттік қосымша. Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылы толық жаңғыртудан өтті. 6,7 шақырым қазір пайдалануға берілді. Соның жалғасы ретінде Әбілқайыр хан көшесінен Саламатов көшесіне дейін бір жағынан дарияның бөгетін қалпына келтіру және күшейту мақсатында 2,8 шақырым жол жөндеп жатырмыз //
Мұнан бөлек, облыс тұрғындарының темір жол бойынша мәселесі шешіліп, Арал және Жаңақорған аудандарындағы темір жол арқылы өтетін аспалы көпірлердің құрылысы жүргізіліп, таяуда ғана пайдалануға берілді.