#qyzylordatv

Сырдария ауданы, Іңкәрдария ауылында мас күйінде мотоцикл басқарған жүргізуші ұсталды.

Тексеру барысында жүргізушінің алкогольдік ішімдік ішкені анықталды. Наркологиялық сараптама нәтижесі жеңіл дәреже масаң күйде болғанын көрсетіп отыр. Аталған іс бойынша әкімшілік хаттама рәсімделіп, мотокөлік айып алаңына қойылды. Ал, жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, енді жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылуы мүмкін.