#qyzylordatv

 Елдегі қайырымдылық саласы заңнамалық тұрғыда реттеледі. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев мәлімдеді. Айтуынша, шынайы көмек көрсететін жақсы қорлар бар, бірақ пиғылы теріс адамдар да жоқ емес.

Әсіресе, әлеуметтік желілер арқылы әрекет етіп жатқандарға халық еш ойсыз ақша аударады. Перизат Қайраттың жағдайындағыдай оқиғаларда ғана мәселенің беті ашылып, қорлардың бірқатары құқық қорғау органдарының назарына ілікті- деді, Ермек Көшербаев. Енді, заңнамаға өзгерістер енгізілмек.

ЕРМЕК КӨШЕРБАЕВ – ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ /Қайырымдылық – мемлекет қатыспайтын сала, яғни айтайын дегенім, қорлардың ішінде мемлекет жоқ және кірісе де алмайды. Бұл – азаматтардың қоғамдық бастамалары. Кейбіреулер мұны күнкөріс көзіне айналдырса, енді бірі шынымен де еріктілермен бірге халыққа көмектесу үшін жұмыс істейді. Заңнамаға сәйкес өзгерістерді қарастырамыз, соңына дейін ос ы саланы қарап, қоғам талқылауына шығарамыз/

 ҚАНАТ ЫСҚАҚОВ – ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ ВИЦЕ-МИНИСТРІ /Қайырымдылық туралы заңға бірнеше бағыт бойынша өзгерістер енгізіледі. Біріншіден, азаматтарды қайырымдылық көмек көрсетуге ынталандыру көзделіп отыр. Екінші мәселе, жариялылық пен есептілік қамтамасыз ету. Барлық қайырымдылық ұйымы есебін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға міндетті болады/