#qyzylordatv

Парламент Сенатының депутаттары Наурызбай Байқадамов пен Руслан Рүстемов Сыр өңіріне сапары барысында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессор-оқытушыларымен кездесті.

 Негізгі мақсат - студенттер мен оқытушылар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын маңызды мәселелерді талқылау. Сенаторлар алдымен Парламент қабырғасында қабылданатын заңдар мен өзге де жұмыстарды баяндады.

 Кездесуде «Жасанды интеллект институтының жетістіктері», қос дипломды білім беру бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстар, цифрлық және ғарыштық технологиялар жайында баядама жасалды. Жалпы білім ордасының ғалымдары өңірдің ғылыми әлеуетін нығайту бағытында табанды еңбек етіп келеді. Енді соған қолдауды кеңейту жөнінде ұсынысын жеткізді.

 НҰРБОЛ АППАЗОВ – ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЗЕРТТЕУШІ ПРОФЕССОРЫ

//Менің ұсынысым көп жылдардан бері ҚР жер қойнауын игеретін компаниялардың табысының бір пайызын ғылымға бағыттау жөнінде ұсыныстар айтылып келді.Бірақ ол белгілі бір жүйеге келтірілмеген. Мысалыға қазір ҚР ғылымды қаржыландыру//

Ғалымдар ортағасырлық Жанкент қалашығында Қорық-Музей ұйымдастыру мәселесін көтеруді ұсынды. Мұражай-қорық туризмді дамытудың драйвері болады дейді оқытушылар.