#qyzylordatv
Президент тапсырмасымен мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру жұмыстары жалғасып жатыр. Жыл басында енгізілген жаңа заңнамадағы өзгерістер туралы облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғалымжан Ілкібаев баспасөз брифингінде айтты.
Мәселен, мемлекеттік сатып алуға қатысты шағымдарды қарау мерзімі қысқартылған. Ал биылға дейін оқушылардың ас мәзірін білім беру ұйымдарының басқару органы бекітсе, өзгерістерден кейін облыстық денсаулық сақтау басқармасымен бекітіледі. Сонымен қатар, заңнамаға сәйкес конкурс жеңімпазы деп танылған мердігер шарттың қамтамасыз ету сомасын электрондық әмиян мен азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты арқылы енгізе алады.
ҒАЛЫМЖАН ІЛКІБАЕВ — ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ // Яғни сақтандырушы және сақтанушы шартты мемелкеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 45-қосымшасына сәйкес әзірлеп, өздерінің электрондық-цифрлық қолтаңбаларымен растауы қажет.
Ал құрылыс монтаждау, жоба-сметалық құжаттамалар мен сараптама жұмыстары және техникалық қадағалау қызметі бұған дейін тек конкурс тәсілімен сатып алынуы тиіс болатын. Қазір аталған тізбеге қауіпті қалдықтарды жою және қайта өңдеу қызметі де кіреді.
ҒАЛЫМЖАН ІЛКІБАЕВ — ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ // 2025 жылдың 4 шілдесінен бастап мем-к сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына енгізілген өзгерістерге сәйкес тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған бірнеше өзгерістер еніп отыр. Атап айтқанда: шарт бойынша тауарларды жеткізу мерзімдері 15-тен 60 күнтізбелік күнге ұлғайтылды; шарт бойынша міндеттемелер орындалған күннен бастап тауарларды жеткіәзгені үшін төлем мерзімдері 30 күнтізбелік күннен 10 жұмыс күніне дейін қысқартылып отыр. Сонымен қатар, аванстық төлем мөлшері 30%-дан 50%-ға дейін ұлғайтылды.