#qyzylordatv
Республикалық слет Мемлекет басшысының 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялау бастамасын қолдау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Жиынға қатысушылар «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясында өткен секциялық отырыста «Қазіргі заман жұмысшысы: жаңа технологиялар және еңбек нарығы» тақырыбында пікір алмасты.
Сондай-ақ цифрлық дәуірдегі еңбек нарығының жаңа талаптары, өндірістегі технологиялық өзгерістер мен жұмысшы мамандардың бейімделу жолдары төңірегінде өз тәжірибелерімен бөлісті.
БЕКСҰЛТАН МҰХАНБЕТҚАЛИ – ҚЫЗЫЛОРДА СУ ЖҮЙЕСІ ҰҢҒЫМАЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ АУМАҒЫНЫҢ ШЕБЕРІ // 2025 жылы мамыр айында Атырау қаласында жұмысшы жастар форумына қатысып басқада өзге сала қызметкерлерімен білім алмасып тәжірибе алмасып тренингтер өтті, спикерлерде жақсы болды. Ал енді өз өңіріміз Қызылорда қаласында болып жатыр. Қызылорда қаласында да өте жоғары деңгейде өтіп жатыр. Жұмысшы мамандық жылы болғандықтан қарапайым мамандықтардың имиджі көтеріліп жақсы болып жатыр.