#qyzylordatv
Спорт әлемінен ақпар. UEFA Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде ойнаған «Астана» Молдованың «Зимбру» командасымен тең тарқасса, «Ақтөбе» үш ұпайды олжалап, жанкүйерлерін қуантты.
Алғашқы минуттан елордалық команда ойын тізгінін өз қолына алды. Қос қанаттан жиі шабуыл ұйымдастырып, жылдам гол соғуға күш салғанымен алғашқы голды 45-минутта Гай Дахан өз еншісіне жазды. Екінші таймның 56-минутында «Астана» сапынан Иван Башич таразы басын теңестірді.
Ал Чехияның «Спарта» командасын қабылдаған ақтөбеліктер лайықты ойын өрнегін көрсетті. Ойынның 29-минутында «Ақтөбе» сапынан Дэниел Соса мергендігімен көзге түсті. Бірінші кезеңде «Спарта» таразы басын теңестіруге ұмтылғанымен мақсатына жете алмады. Екінші кезеңде де қазақстандық клуб қарқынын бәсеңдеткен жоқ. Нәтижесінде Оралхан Өміртаев 83-минутта есепті еселей түсті. 90-минутта «Ақтөбе» қақпасына белгіленген пенальтиден «Спарта» футболшысы Велько Бирманчевич мүлт кеткен жоқ.Осылайша «Ақтөбе» қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті.
Енді қарымта кездесулер 31 шілде күні сырт алаңда өткізіледі.