#qyzylordatv
Жас мамандардың республикалық слёті секциялық отырыстарға ұласты. Қазіргі таңда жастардың жан жақты білім алып, өсіп-өркендеуіне қаншалықты жағдай жасалған? Бүгінгі жастарды қандай мәселелер мазалайды? Секциялық отырысқа қатысушылар осы сауалдар төңірегінде пікір алмасты.
гео: ҚЫЗЫЛОРДА
ФАТИМА ЖАМАЛБЕК - «ЖАСТАР» ҒЗО ТАЛДАУ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ САРАПШЫСЫ
Жастарды көбінесе жалақы мәселесі мазалайды және де жасанды интелектке көзқарасын талқыладық. Жалақы деңгейі бойынша 16,4 пайыз респондент айына бес жүз мын теңге өздеріне жеткілікті деп санайды,12,4 пайыз адам сегіз жүз мың теңгеге дейін оларға жеткілікті деп санайды, 12,3 пайыз 1 млн теңгеден жоғары жалақыны қалайды екен , 12,2 пайыз респонденттер жайлы өмір сүру үшін 1 млн теңгеге дейінгі табыс жеткілікті деп санайды.
Еңбек нарығы заман ағымына қарай үздіксіз өзгеріп отырады. Бәсі жоғары тұрған мамандықтар уақыт өте келе сұраныстан шығып қалуы әбден мүмкін. Ал, жұмысшы мамандықтар қазір қат.
ПІРМҰХАММЕД СЫЗДЫҚ – ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Жастар негізі көп ізденеді ғой, осы слеттың арқасында жастар қандай мамандық алу керек және қандай дағдыға бейімделу керек сол жөнінде, Жастарға айтарымыз, білімді алу керек, бір маманға кәсіптену керек, дағдылану керек,қателесуден қорықпау керек, содан кейін дағдыланады. Жастар, студенттер не алып кетеді бұл жерден алып кететіні тәжірибелі мамандармен сұхбаттасты, кәсіп иелері, мықты мамандар өздерінің ой өрісімен бөлісті,қалай жұмыс істеу керек екенін,сондықтан өздеріне бұл жерден үлкен кеңес алып кетеді деп есептеймін.
ЖАНАР АЛТАЙҚЫЗЫ – ЖЕЗҚАЗҒАН ИНДУСТРИЯЛДЫҚ-ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ
Ұлытау облысынан Сыр еліне қонаққа келіп қалдық, қонақ дегенде өздеріңіз білетіндей 2025 жыл президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы белгілеген «Жұмысшы жас мамандар жылы» болып есептеледі, осыған орай Қызылорда облысына екінші рет келіп отырмын алдында мамыр айында бір жастардың форумына келіп кеткен болатынмын, 04.11 Форумға қатысып мен өте көп атқарылып жатқан облыс әкімдігі тарапынан,халықтың,аймақтың тарапынан өте керемет кәсіпорындардың, жаңа шағын аудардар ашылғанын, жаңа мәдени ғимараттардың,өткен жолы клегенімде Анаға тағзым деп аталатын әлеуметтік үлес қосатын орталықтың ашылғанын өзім көзіммен көріп кеттім. 04.45 Біздеде осындай болса деп ойлайтын біраз іс шараларды қоржынымызға салып алып кетеміз деп ойлаймын.