#qyzylordatv

Қазалы ауданында халықтың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатыр. Мәселен, биыл ауданға қарасты төрт ауыл орталықтандырылған таза ауыз су желісіне қосылады. Сондай-ақ, тағы төрт ауыл жылу маусымына дейін көгілдір отынға қол жеткізбек. Ауданда атқарылып жатқан осы және өзге де татымды тірліктер туралы тілшіміз Дәулет Сағиттың бейнематериалында толығырақ.