#qyzylordatv #тазақазақстан
Тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру - басты міндеттің бірі. Бұл бағытта облыста орасан жұмыс атқарылып жатыр. Аймаққа арнайы келген сенат депутаттары Наурызбай Байқадамов пен Руслан Рүстемов Сырдың бас қаласындағы ілкімді істермен танысты.
Тұңғыш президент паркі қаладағы саялы саябақтың бірі. 2007 жылы ашылған аумақ бұған дейін күрделі жөндеу көрмеген. Көлемі 71 гектардан асатын парк жақында жаңа кейіпке енеді. Жалпы, бұл жоба екі кезеңнен тұрады. Бүгінде соның алғашқысы бітуге жақын. Ал екінші кезең бойынша кестеге сәйкес жұмыс жүргізіліп жатыр.
ЕЛАМАН ҚАЗЕКЕШ - УЧАСКЕ БАСШЫСЫ // Жоба аясында 3 фонтан қарастырылған. Балалар ойын алаңы қарастырылған. амфитеатр, скейт парк жәнеде әртүрлі фотозоналар қарастырылған.
«Тәуелсіздікке – 25 жыл» даңғылын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Бірінші кезең бойынша Сырдария өзені бойындағы қорғаныс бөгеті нығайтылып, бұрынғы екі жолақ жол төрт жолақты болып кеңейді. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер үшін спорт алаңдары салынып, өзен бойында серуендеуге жағдай жасалды.
ҰЛАҒАТ ҚАЙРАТҰЛЫ - ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ /// мен күнделікті таңғы серуен 5 мың қадам жасаймын. Бүгін 124-інші күнім.
Биыл Қорқыт ата атындағы саябаққа да жаңғырту жұмыстары басталды. Аталған аумақ 2002 жылы қолданысқа берілген. Жобаны іске асыруға 1 млрд теңгеден аса қаржы бағытталған. Сенатор Наурызбай Байқадамов қаладағы ілкімді істерді оң бағалап, Сыр елінде соны серпін барын жеткізді. Әсіресе, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде ауқымды жұмыс атқарылғанын айтты.
НАУРЫЗБАЙ БАЙҚАДАМОВ - ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ Бүгінгі таңда Таза Қазақстан акциясы халықты біріктіру мүмкіндігіне айналды. Қызылорда облысындағы көгалдандыру, абаттандыру және «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы көлемді іс-шараларды басқа өңірлерге тарту жөніндегі арнайы депутаттық сауал жасадық Үкімет басшысына. Қызылордада жасалып жатқан осындай жобалар басқа өңірлерге таратылып, осы бағыттағы жұмыстарды жүргізу қолға алынды.
Жақында қалалық мәдени және демалыс паркі қайта жаңғыртудан өтті. Аумағы 6 гектарды құрайтын паркке жаңадан аттракцион алынып, қала халқына қызмет етуде. Жалпы, облыс орталығында үлкенді-кішілі 42 саябақ бар. Оның барлығында да көркейтіп-көгалдандыру жүріп жатыр.