#qyzylordatv

Әскери қызметшілерге арналған жаңа цифрлық жүйе құрылды. Ол егов порталына ұқсайды. Қызметкерлер жеке сәйкестендіру нөмірін енгізіп, құжаттарды онлайн рәсімдей алады.

Сондай-ақ, демалыс күндерін, келесі атақ қашан берілетінін тексеріп, өзіне жүктелген тапсырмаларды көреді. Бұдан бөлек, әскерилер енді білігін арттыру үшін шетелдік оқу орындарына да өтінішті онлайн бере алады.

ДАРХАН АХМЕДИЕВ - ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

// Бұл электрондық кезекке құру арқылы жүзеге асатын болады. Осылайша, оқуға жіберу туралы шешім қабылдау ашық түрде жүзеге асатын болады және сыбайлас жемқорлыққа жол берілмейді. Жалпы, 2025 жылы электрондық форматта 70 мың цифрлық қызмет көрсетілді//