#qyzylordatv
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының Президенті Ли Чжэ Мёңмен телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу барысында қазақ-корей ынтымақтастығын одан әрі нығайтуды көздейтіндерін растады. Мемлекет басшылары екіжақты байланыстардың барлық бағыты бойынша егжей-тегжейлі пікір алмасты. Сондай-ақ сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты жандандыруға ниет білдірді.
Айта кету керек, Ли Чжэ Мёң Қазақстан Президентін Корея Республикасына ресми сапармен келуге шақырды. Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Корея басшысының шақыртуына ризашылықпен қабыл алып, келесі жылы Сеулде өтетін «Орталық Азия – Корея Республикасы» форматтағы саммитке қатысатынын мәлімдеді.