#qyzylordatv

Биыл 17 мыңға жуық мемлекеттік қызметкер жасанды интеллект негіздері курсынан өтті. Жыл соңына дейін тағы 30 мыңға жуық маманды оқыту жоспарда бар.

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі айтты. Жасанды интеллект – тиімді құрал ғана. Оны меңгеру арқылы көптеген қызметтердің сапасын жақсартып, жұмысты жеңілдету мүмкіндігі мол дейді мамандар:

 ӘЛІБЕК САЙЛАНБАЕВ – ҚР ЦИАӨМ, ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛАРДЫ ДАМЫТУ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Қандай құралдар бар, қалай презентация жасау керек, промт-инженерингқа үйретеді. Біз ойлаймыз өте маңызды. Жасанды интеллект тез дамып жатыр. Әр адамды үйретуіміз керек. Сонысымен өте маңызды.