#qyzylordatv
«Бағанашылдағы» балалар үйінде шыққан даудан кейін жауапты тұлғалар отставкаға кетуі мүмкін бе? Бүгін Үкіметте өткен брифингте журналистер Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаевқа осындай сұрақ қойды.
Вице-премьер «бұл менің құзіретімдегі мәселе емес, бірақ дау-дамай туғызбай барлық тарапқа тиімді шешім қабылдауға болар еді»,- деді. Ал, балалар үйінің жұмысына тікелей жауапты Оқу-ағарту министрі бұған дейін балаларды Қонаевқа көшіру бойынша Алматы облысы әкімдігі өкілдерімен кездесіп, келіскенін айтты. Қазір тексеріс жүріп жатыр, нәтижесін күтейік,-деді Ғани Бейсембаев.
ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ – ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ /Бұл мәселе бұған дейін бір емес бірнеше рет қаузалып, шешіліп қойылған. Мен тіпті, әкімдік пен тиісті басқарма басшыларын шақырып келіссөздер жүргіздім. Алгоритм жасалды. Бірақ, ақыр соңы дауға ұласты. Қазір арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Олар жағдайға қатысты нақты әрі әділ шешім шығарады деп үміттенемін/