#qyzylordatv

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесі жаңғыртылып жатыр. Енді учаскелік дәрігерлердің жүктемесі азайып, медбикелердің жауапкершілігі күшейеді.

 Цифрландыру мен мобильді қызметтерді енгізу арқылы шалғайдағы елді мекендерге де жедел көмек көрсетілмек. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері мәлімдеді. Сондай-ақ, дәрігерлердің қабылдау уақыты ұзарады.

АЙГҮЛ ҚАСЫМОВА – ҚР ДСМ «РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ-САНИТАРИЯЛЫҚ АЛҒАШҚЫ КӨМЕК ОРТАЛЫҒЫ» ШЖҚ РМК ДИРЕКТОРЫ

Медбикенің рөлі күшейеді. Енді оған дәрігердің көмекшісі емес, қабылдау жүргізетін толыққанды маман ретінде жүгінуге болады. Медбике әлеуметтік және психологиялық тәуекелдерді анықтап, тамақтану, күтіну бойынша кеңес береді. Анықтамалардың кей түрін ұсынып, ем-дом шаралары бойынша кешенді жоспар жасайды.