#qyzylordatv

 Қызылордада қоғамдық көлік жүргізушісі мас күйінде ұсталды. «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында тәртіп сақшылары қалада тасымалмен айналысатын «ПАЗ» маркалы автобусын тоқтатып, құжаттарды тексеру барысында жүргізушінің алкогольдік масаң күйде көлік басқарғаны анықтаған.

 Көлік жүргізушісі бірден наркологиялық диспансерге жеткізіліп, сараптама қорытындысы бойынша жеңіл дәрежелі масаң күйде болғаны расталды. Аталған факт бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, автобус айыппұл тұрағына қойылды. Масаң күйде көлік жүргізген жүргізушіге 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу және 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айыру түріндегі жаза қарастырылған.