#qyzylordatv
Өндірістік нысандарда өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету – өзекті тақырыптың бірі. Аймағымызда алғашқы жартыжылдықта қауіпсіздік ережелері мен нормаларды бұзудың 528 дерегі анықталған. Сол себепті заңға бағынбаған тұлғаларға айыппұл салынып, бірқатар өнеркәсіп орындарына шара көрілді. Тілші бейнематериалында толығырақ.
Өнеркәсіптегі ақаулар экологиялық, материалдық шығындарға, тіпті адам өліміне, кейде бүкіл саланың тоқырауына әкеледі. Сондықтан стратегиялық маңызы бар өндірістік нысандарға қойылар талап қатаң. Мәселен, салалық басқарма инспекторлары алты айда 800-ден астам нысанға тексеріс жүргізген.
ЕРКЕБҰЛАН ЖАРАСОВ – ТЖД ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ "ТҰЗКӨЛМҰНАЙГАЗОПЕРЕЙТИНГ" ЖШС-на қатысты жедел ден қою шаралары қолданылды (ұңғымаларды жұмысын тоқтату уақыты 18.03.2025 жыл), атап айтқанда 13 ұңғыманың жұмысы тоқтатылды (мемлекеттік инспектордың қатысуымен қабылдау сынағының жүргізілмеуі). Қорытындысы бойынша профилактикалық бақылау нәтижелері туралы актілер және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.
Бұған қоса, жыл басынан бері жоспардан тыс 5 тексеру жұмыстары жүргізіліп, 49 нысан зерттелген.
ЕРКЕБҰЛАН ЖАРАСОВ – ТЖД ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
2025 жылдың бірінші жартыжылдығында 2 (2024 жылы - 5) заңды тұлғаға айыппұл салу түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды (1."Байкен-U" ЖШС (298 бап 1 тармағы), 2. "ШалқияЦинк ЛТД" АҚ (298 бап 1 тармағы ) жалпы сомасы 983000 (2024 жылы-2233660). Барлық әкімшілік айыппұлдар уақтылы өндіріліп алынды. 2025 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында 143 Мемлекеттік қызмет көрсетілді. 2025 жылы жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беруге 14 өтініш қаралды, оның ішінде жарылыс жұмыстарын жүргізуге 14 рұқсат берілді. Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалық құжаттаманы келісуге өтініштер қаралды – 82.
Жыл соңына дейін ірі нысандарды қамтитын тағы бірқатар тексеріс жоспарда бар. Осы орайда кәсіпорындарға қойылатын басты талап – адам өмірі мен өндірістегі қауіпсіздік.