#qyzylordatv

Бүгін Ұлттық статистика бюросы Қазақстан Республикасының қаңтар-маусым айларындағы индустриялық-инновациялық дамуы көрсеткіштері жинағын жариялады. Бұл ретте Сыр өңірі үздік үштік қатарынан көрінді.

Tengenomika жарияланған деректер негізінде Қазақстан өңірлерінің индустриялық-инновациялық даму индексінің алғашқы жиынтық нұсқасын дайындады. Жаңа нұсқада Өңдеуші өнеркәсіптегі жалпы қосылған құнның нақты көлем индексі ,Еңбек өнімділігінің өсуі; Өңдеуші өнеркәсіп экспорты құрылымындағы орта және жоғары технологиялы тауарлардың үлесі; Өңдеуші өнеркәсіпке негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлем индексі сынды көрсеткіштер ескерілген.

 Индекс көшбасшылары –, инвестиция, технологиялық экспорт пен өнімділікті арттыруға негізделген өңірлер. Ал аутсайдерлер әлі де шикізаттық салаларға тәуелді болып, күрделі индустриялық модельге көшу белгілері мардымсыз болып отыр.