#qyzylordatv
Кадрлық ауыс-түйіс. Осыған дейін облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарған Шахмардан Байманов «Іскерлік басқару магистрі» бағдарламасы аясында бизнес мектебіне оқуға түсуіне байланысты қызметінен босатылды.
Шахмардан Асқарұлы облыс әкімінің орынбасары ретінде қоғамдық даму, мәдениет, спорт, білім, дін және жастар ісі салаларына жетекшілік етті. Бір жылдың бедерінде аталмыш салаларда тындырымды тірлік атқарылған. Сондықтан жиында аймақ басшысы Шахмардан Асқарұлының өңір дамуы жолында өнімді еңбек еткеніне айрықша тоқталып, облыстың құрмет грамотасын табыстады.
НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ /Аймағымыздағы қоғамдық-саяси ахуалды жақсартуға еңбек етті. Саяси партиялар мен қоғамдық және жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды жандандырды...Шахмардан Асқарұлы алдағы жоспарларыңызға сәттілік тілейміз. Сыр елінің әлеуметтік, мәдени, рухани дамуына қосқан үлесіңіз үшін облыстың құрмет грамотасын табыстауды рұқсат етіңіз/
ШАХМАРДАН БАЙМАНОВ /Құрметті, әріптестер ең алдымен маған сенім білдіріп, осыдан 3 жыл бұрын туған жеріме келіп, саяси лауазымды қызметті адал атқаруға қолдау білдірген Нұрлыбек Машбекұлы өзіңізге шынайы ризашылығымды білдіремін. Әрбір ер азамат үшін өзінің еліне, оның ішінде туған жерінде қызмет ету үлкен бақыт, зор жауапкершілік.../