#qyzylordatv
Теміржол саласы - ел экономикасының негізгі тірегі. Сондықтан көлік-логистика саласында еңбек ететін мамандар қашанда құрметті. Солардың бірі шойынжол шебері - Нұрсұлтан Арыстанов. Ол 12 жылдан бері Қызылорда жол дистанциясында жол жөндеуші болып еңбек етеді. Тақырыпты тілшіміз тарқатады.
Теміржол - сан салалы құрылым. Соның ішінде жолшыларға жүктелген міндет ауыр. Олар жаздың аптап ыстығына, қыстың қытымыр суығына қарамайды. Біз де бір күн тілшілік тіршілікті тастап, теміржолшылармен теңдей тер төктік.
ҚОЗЫ КӨРПЕШ ЖАСАРАЛҰЛЫ – ТІЛШІ: ////Бұл теміржолшылардың күнделікті жұмысқа қолданатын балғасы. Осы балғаның көмегімен мына рельс төсемдерін күнделікті қалыпқа келтіріп отырады. Біз де көмектесіп жатырмыз.
Жүйткіген пойыз сәт сайын сағаттың сыртылындай соғып тұрады. Бірі өтіп, екіншісі келгенше шойынжолда анықталған ақауды едел-жедел жөндеу қажет. Нұрсұлтан Арыстанов осы қызметтің қыр-сырын мықтап меңгерген маман. Сөзінше, бұл салада уақытпен санасуға болмайды. Сондықтан олар үнемі шұғыл шақыртуларға дайын жүреді.
НҰРСҰЛТАН АРЫСТАНОВ – ЖОЛ МОНТЕРІ /// ақау шыққан жағдайда уақытпен санаспай жұмысқа шығып, жасай береміз. / оған қоса, жолдың бойын күнделік қадағалап, белгіленген жерде шпал, релісін ауыстырып жұмыстар жасап отырамыз.
Мыңдаған жолаушының, тонналаған тауардың діттеген жерге дін-аман жетуі жолшылар жұмысына тікелей байланысты. Олар кем дегенде күніне 4-5 шақырым жаяу жүріп, шойынжолдың жай-күйін бақылауда ұстайды.
НҰРСҰЛТАН АРЫСТАНОВ – ЖОЛ МОНТЕРІ алға қойған мақсатым көп. Осы теміржолдың арқасында біраз жетістікке жетіп жатырмыз. Ең бастысы өзіңе берілген міндетті абыроймен ақтап шығу ғой.
Иә, жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек қадірлі. Мәртебелі маманның айтпағы осы. Айтуынша, ата-анасы да теміржолда тер төккен. Енді «ұл-қызым осы салада еңбек етсе» дейді.