#qyzylordatv

Бүгін - бүкіләлемдік адам саудасына қарсы күрес күні. Осы орайда жергілікті атқарушы, ішкі істер органдары және үкіметтік емес ұйымдар бірлесіп қала тұрғындары мен қонақтарына ақпараттандыру және түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мамандар халық көп шоғырланатын орындар мен сауда орталықтарында профилактикалық кездесулер өткізуде.

 Адам саудасы - адам құқығын бұзудың ең қатал түрі. Ал өңірімізде ағымдағы жылы адам құқығын бұзу адам саудасы дерегі тіркелмеген. Алайда жылына үш төрт мәрте ішкі істер органдары мен үкіметтік емес ұйымдар бірлесіп, халыққа түсіндірме жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп тұрады. Бұл жолы қалааралық бағытта қатынайтын көлік жүргізушілеріне түсіндірме жүргізіліп, құқықтың кеңес берілді

 ЛӘЗЗАТ ШІЛМАНОВА - ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

// Халық көп шоғырланатын яғни авто тұрақтар, авто вокзал сонымен қатар темір жол вокзалы, аэропорттарда түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде басым бөлігі бізде индрайвер бағдарламасын пайдаланушы қызмет алушыларға қатысты сол жерде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ол жерде темір жол және аэропорттарда баланы тасымалдау үшін оның ата-анасының құжаты немесе заңды өкілінің материялды құжаттары сұратылса, ал индрайвер бағдарламасын пайдаланушыларда бұл құжат мүлдем сұратылмайды. Сол себепті авто тұрақтарда түсіндірме жұмыстары жүргізілді яғни баланы құжаттандыру мақсатында адам саудасының соның ішінде бала саудасының алдын алу мақсатында тиүсіндірме жұмыс жүргізілді//