#qyzylordatv

Қызылордада «Шығармашылық және спорт» үйірмелерінің жұмысын зерделеу мақсатында құрылған мониторингтік топ мүшесі сотталды. Оған қылмыстық кодекстің «алаяқтық» және «қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге мүлікті заңдастыру» бабы бойынша іс қозғалған.

 Сотталушы «DAMUBALA» платформасымен жұмыс істейтін бизнес иелерінің кемшіліктерін анықтап, қызмет бабын пайдалана отырып, жеке кәсіпкер арқылы 88 290 000 теңгені иемденген. Сот үкімімен мониторингтік топ мүшесіне 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ, коммерциялық ұйымдарда және басшылық лауазымдарды атқаруға 10 жылға тыйым салынды.

 Ал оған жәрдемдескен кәсіпкерге 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Қылмыстық кодекстік 63-ші бабына сәйкес, тағайындалған жаза шартты деп саналып, тағайындалған мерзіміне пробациялық бақылау белгіленді. Сот үкімі заңды күшіне енбеген.

ЖҰЛДЫЗ ЖӘКЕЕВА - ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ №2 СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ

/ аталған қылмыстық іс 13 эпизодтан тұрады. 13 эпизодта жеке кәсіпкерлерге қатысты жасалған қылмыс. Жәбірленушілерге 88 млн 290 мың теңге қызмет бабын пайдалана отырып иемденген және қылмыстық жолмен алынған ақшаны мәмілелер жасасу арқылы заңды айналымға тартып, мүліктік құндылықтар сатып алған.