#qyzylordatv
Енді, қала және аудан әкімдерінің жұмысы жаңа талаппен бағаланады. Халықты жұмыспен қамту бағытындағы атқарғаны арнайы тиімділік көрсеткіштері, яғни KPI арқылы сарапталады. Бүгін Үкімет отырысында осындай шешім қабылданды. Сондай-ақ, еңбек нарығындағы түйткілді мәселелер көтерілді. Толығырақ әріптесім Нұрсұлтан Тілектес тарқатсын.
Бұл дегеніміз елімізде жұмыс күші тапшы. Яғни, түрлі салаға мамандар қажет. Үкімет басшысы тиісті министрлік пен облыстық әкімдіктерге мәселені алдағы 4 жылда шешуді тапсырды.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ – ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ
// Мемлекет басшысы 2030 жылға дейін 3,3 млн адамды соның ішінде 2,3 млн жастарды жұмысқа орналастыру бойынша нақты бағыт-бағдарымызды айқындап берді. 00:47 Елімізде ашылатын жұмыс орындарының бір бөлігі уақытша жұмыспен байланысты. Мұндай тәсілдің тиімділігі төмен. Сондықтан қолданыстағы жоспарларда тұрақты жұмыспен қамту үлесін ұлғайту керек. //