#qyzylordatv
Өткен үш айдың қорытындысымен мемлекеттік органдарға мемлекеттік қызметшілердің заңсыз іс-әрекеттеріне қатысты 159 мәлімет түскен. Соның басым бөлігі жергілікті атқарушы органдардағы мамандарға қатысты болып отыр.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Қызылорда облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары, әдеп кодексі бұзушылықтарының профилактикасы бағытында атқарған жұмыстары тыңдалды. Одан соң Қызылорда мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің әдеп жөніндегі уәкілінің атқарған қызметінің нәтижелері қаралды. Сонымен қатар, Кеңес отырысында мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының 2025 жылдың ІІ тоқсанында атқарған жұмыстарына жүргізілген талдау нәтижелері қаралып, Кеңес шешімімен бірнеше мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау бағытында оларға қатысты негізсіз қолданылған тәртіптік жазалардың күшін жою туралы ұсыныстар енгізілді.